Басты бет
·
АО-2026

Сергей Богату мен Кирилл Гурин Азия ойындарында ширек финалға шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Никита Басов

Фото: Никита Басов

Қазақстандық жағажай волейболшылары Сергей Богату мен Кирилл Гурин 2026 жылғы Азия ойындарында Иран құрамасын жеңіп, жарыстың ширек финалына жолдама алды.

1/8 финалда қазақстандық жұп Абольхассан Хакизаде мен Амир Али Галеновиден басым түсті. Богату мен Гурин алғашқы партияда 21:15 есебімен жеңсе, екінші сетте 18:21 есебімен есе жіберді. Шешуші партияда қазақстандықтар 15:11 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық жұп плей-оффқа дейін топтық кезеңді жеңіліссіз аяқтады. Алдымен Индонезияны 2:1 (22:24, 21:19, 15:12) есебімен ұтты. Кейін Оңтүстік Кореяны 2:0 (21:10, 21:10) есебімен жеңіп, топтағы соңғы матчта Гонконгтан 2:0 (21:15, 21:18) есебімен басым түсті.

2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.