Басты бет
·
ӘЧ-2026

Шакира, Мадонна және BTS тобы әлем чемпионаты финалдық шоуында өнер көрсетеді

Темирлан Мажекенов··
Мадонна

Мадонна

2026 жылғы әлем чемпионаты финалындағы тайм-аралық үзіліс кезінде музыкалық шоу өтеді. Шоудың басты хедлайнерлері ретінде Шакира, Мадонна және BTS тобы өнер көрсетеді.

Бұл туралы ФИФА-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Музыкалық шоудың кураторы ретінде Coldplay рок тобының солисі Крис Мартин тағайындалды.

Әлем чемпионатының финалдық ойыны 19 шілде күні АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы «Метлайф Стэдиум» аренасында өтеді. Бұған дейін БАҚ өкілдері финалдағы үзіліс дәстүрлі 15 минуттан әлдеқайда ұзақ болатынын хабарлаған еді.

Айта кетейік, 2024 жылғы Америка Кубогының Аргентина мен Колумбия құрамалары арасындағы финалында (1:0) Шакираның өнер көрсетуі үшін үзіліс 25 минутқа созылған.

Ал 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатындағы «Челси» — «ПСЖ» (3:0) финалында үзіліс 24 минутқа жалғасып, шоуға Coldplay, J Balvin, Doja Cat және Tems қатысқан еді.