Басты бет
·
Футбол

Шакира мен Burna Boy 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми әнұранын жазды

Темирлан Мажекенов··
Шакира мен Burna Boy 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми әнұранын жазды

Белгілі музыкалық орындаушылар Шакира мен Burna Boy "Dai Dai" атты 2026 жылғы әлем чемпионаты ресми гимнің авторлары атанды.

Бұл туралы ФИФА ұйымының ресми сайты хабарлады.

Мәліметке сәйкес, композиция ФИФА-ның Ғаламдық білім беру қорын қолдау мақсатында шығарылған. Қордың негізгі мақсаты — әлем чемпионаты аяқталғанға дейін 100 миллион доллар жинап, әлемдегі балаларға сапалы білім ала отырып футболмен айналысу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді. Турнир тарихында алғаш рет әлем чемпионатына 48 құрама қатысады.

Бүгінде соңғы әлем чемпиондары — Аргентина құрамасы.