Шавкат Рахмоновтың жұбайы ажырасу туралы жаңа қауесеттерге пікір білдірді

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова отбасылық жағдайға қатысты тараған ақпараттарға жауап берді.

Бұған дейін спортшының мүддесін қорғайтын адвокат Мейірман Шекеев ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу процесі уақытша тоқтатылғанын мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, тараптар отбасын сақтап қалу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Осыдан кейін Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде жазба жариялап, жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Видеода айтылған сөздерді мұқият тыңдасаңыздар, ажырасу процесі әлі аяқталмағанын түсінесіздер. Көпшілік татуластыңыздар ма деп сұрап жатыр. Оқиғадан бұрын қорытынды жасауға асықпаңыздар. Барлығы нақты шешілген кезде міндетті түрде хабарлаймын», – деп жазды Рахмонова Instagram парақшасында.

Еске салайық, биыл көктемде Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желідегі жазбаларында Шавкат Рахмоновты балалардың тәрбиесіне араласпайды деп айыптап, отбасы мәселесі қоғам талқысына түскен болатын.

Шавкат Рахмонов соңғы рет октагонға 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде шықты. Сол кеште қазақстандық файтер ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.

Айта кетейік, 2026 жылдың басында Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінен шығарылды.

Фото: Instagram желісіндегі kerey_khan03 парақшасынан скриншот

Фото: Instagram желісіндегі kerey_khan03 парақшасынан скриншот