Щучинскіде велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтеді
Бөлісу

Фото: ҚР ҰОК
Щучинскте тасжолдағы велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Ел біріншілігінде бірнеше жас санатындағы спортшылар чемпиондық атақ пен жүлделі орындар үшін бақ сынайды.
Ұлттық чемпионатқа ересектер, жастар және жасөспірімдер қатысады. Олар тасжолдағы велоспорттың әртүрлі дисциплиналарында өзара мықтыны анықтайды.
Жарыс бағдарламасына жекелей, топтық және командалық жарыстар енгізілген. Турнир қорытындысы бойынша әр жас санатындағы Қазақстан чемпиондары мен жүлдегерлері белгілі болады.
Тасжолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионаты 19-28 маусым аралығында Щучинск қаласында өтеді.