Шотландия 2026 жылғы әлем чемпионатында топ көшін бастады

Айбар Рысдаулет ··
Фото:  The Guardian

Фото: The Guardian

Шотландия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы турда Гаитиді 1:0 есебімен жеңіп, C тобының көшбасшысы атанды.

Бразилия – Марокко матчындағы тең нәтижеден кейін шотландтар топта жеке дара көш бастау мүмкіндігіне ие болды. Кездесудегі жалғыз гол 28-минутта соғылды. Че Адамстың соққысынан кейін гаитилік қақпашы Джон Пласид допты алға қайтарып жіберді, ал Джон Макгинн добын бірінші болып іліп әкетіп, қақпаға дарытты.

Ойын барысында Шотландия шабуылда белсендірек көрінді және голға дейін-ақ есеп ашуға мүмкіндік болған еді, алайда Скотт Мактоминейдің соққысы бағанға тиді.

Матч соңында Гаити есепті теңестіруге жақын болды, бірақ Францди Пьероның соққысы қақпа бағанасының жанынан өтті.

Бұл жеңіс Стив Кларк командасына 3 ұпай әкеліп, C тобының жеке көшбасшысына айналдырды. Екінші турда 20 маусым күні Шотландия Мароккомен, ал Гаити Бразилиямен кездеседі.