Швейцария Босния және Герцеговинаны ірі есеппен жеңді

Фото: Getty Images
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі (В тобы) аясында Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен сенімді түрде жеңді.
Ойын АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы «Соу-Фай» стадионында өтті. Кездесудің бас төрешісі португалиялық Жоау Педру Пиньейру.
Ұзақ уақыт бойы есеп ашылмай тұрды, алайда ойынның соңғы бөлігінде швейцариялықтар толық басымдыққа ие болды. 74-минутта Йохан Манзамби есеп ашты. 80-минутта Босния және Герцеговина қорғаушысы Тарик Мухаремович қызыл қағаз алып, командасын он ойыншымен қалдырды.
84-минутта Рубен Варгас есепті еселеді. Одан кейін Манзамби қосымша уақытта дубль авторы атанды. Босния жауабы тек 90+3-минутта Эрмин Махмичтің голымен шектелді. Ал 90+7-минутта Гранит Джака пенальтиді дәл орындап, қорытынды есепті 4:1 етті.
Екі турдан кейін Швейцария 4 ұпаймен топта көш бастады, ал Босния және Герцеговина 1 ұпаймен үшінші орында тұр.
Еске сала кетейік, соңғы турда Босния Катармен, ал Швейцария Канадамен кездеседі. Матчтар 24 маусымда өтеді.