Басты бет
·
Хоккей

«Сібір» бапкері «Барысты» жеңген матч туралы пікір білдірді

Бекарыс Әлімхан··
«Сібір»

«Сібір»

Новосібірлік «Сібір» клубының бас бапкері Ярослав Люзенков ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Барысты» 3:2 есебімен жеңген матчқа қатысты пікір білдірді.

Кездесу 12 қазанда Астанада өтті. Бірінші кезеңнен кейін «Барыс» Мэйсон Морелли мен Кирилл Савицкийдің голдарының арқасында 2:1 есебімен алда тұрды. Алайда үшінші кезеңде Тэйлор Бек есепті теңестіріп, 56-минутта Павел Тютнев жеңіс шайбасын соқты.

«Жігіттер жарады, арнайы бригадалар жақсы ойнады. Сан басымдығы кезінде гол соқтық, ал азшылықта қарсыласқа төтеп бердік. Ең бастысы, “Барыстың” шабуылдағы мықты ойыншыларын бақылауда ұстап, олардың еркін ойнауына мүмкіндік бермеу керек еді. Бұл міндетті де орындадық», – деді Люзенков клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Бұл жеңіліс «Барыстың» қатарынан үш матчтан тұратын жеңісті сериясын үзді. 14 ойыннан кейін астаналық клуб 16 ұпаймен Шығыс конференциясында бесінші орында тұр. Ал «Сібір» 13 ұпай жинап, сегізінші орынға көтерілді.