Синнер күтпеген жерден әлемнің 56-ракеткасына жеңілді

Фото: ATP ресми сайты
Әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық теннисші Янник Синнер «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына жетпей жарыс жолынан шығып қалды.
1/32 финалдық кездесуде «Үлкен дулыға» турнирлерінің төрт дүркін италиялық чемпионы аргентиналық Хуан Мануэль Серундолоға (ATP рейтиңінде 56-орын) жол берді.
24 жастағы атақты теннисші алғашқы екі сетті сенімді түрде ұтқан еді — 6:2, 6:3. Алайда үшінші партияда Синнер матчболға соққы орындаға сәтте екі мәрте мүмкіндігін пайдалана алмады және медициналық тайм-аут алуға мәжбүр болды. Осыдан кейін Серундоло үшінші сетте жеңісті жұлып алып, кейінгі екі партияда да айқын басымдықпен жеңіске жетті — 7:5, 6:1, 6:1.
Келесі айналымда аргентиналық теннисші испаниялық Мартин Ландалусе мен чехиялық Вит Копршива арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, биылғы «Ролан Гаррос» турнирінің жалпы жүлде қоры 72 811 352 долларды (шамамен 34,05 миллиард теңге) құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда жүлде қоры рекордтық 9 478 131 долларға (шамамен 4,43 миллиард теңге) өскен.
Жекелей сындағы чемпион 3 303 012 доллар (шамамен 1,55 миллиард теңге) сыйақы алады. Ал финалистерге 1 651 506 доллар (шамамен 772,2 миллион теңге) беріледі.