Басты бет
·
MMA/UFC

Сириль Ган Джош Хокитті жеңіп, UFC чемпионы атағын қорғап қалды

Дина Хамзина··
Фото: Paul Kane/Getty Images

Фото: Paul Kane/Getty Images

Франциялық файтер Сириль Ган UFC 334 турнирінде америкалық Джош Хокитті жеңіп, ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.

Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өткен кештің басты жекпе-жегі бес раундқа созылды. 25 минуттық тартыстың қорытындысы бойынша үш төреші де 48:47 есебімен Ганның жеңісін тіркеді.

Осылайша, француз спортшысы UFC-дің толыққанды чемпионы атанғаннан кейін алғаш рет белбеуін қорғап қалды.

Ауыр салмақ рейтингінде төртінші орында тұрған Джош Хокит бұл кездесуге дейін кәсіпқой мансабында жеңіліп көрмеген еді. Алайда Ган америкалықтың он жекпе-жектен тұратын жеңісті сериясын тоқтатты.

Нәтижесінде Хокиттің еншісінде 10 жеңіс пен бір жеңіліс бар. Ал Сириль Ган ММА мансабындағы 15-ші жеңісіне қол жеткізді. Оның көрсеткішінде екі жеңіліс және өтпеді деп танылған бір жекпе-жек бар.

Турнирдің екінші басты кездесуінде америкалық Кайла Харрисон бразилиялық Аманда Нуньесті төртінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді. Осылайша, Харрисон әйелдер арасындағы жеңіл салмақта UFC чемпиондық белбеуін сақтап қалды.