Скатов камбэк жасап, Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Фото: Getty Images
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италияның Перуджа қаласында өтіп жатқан ATP Challenger 125 турнирінің екінші айналымынан сәтті өтті.
Ширек финал жолдамасы үшін өткен матчта әлем рейтиңінде 189-орында тұрған Скатов Тайвань өкілі Чунь-Хсин Цзэнмен (ATP №181) кездесті.
Тартысқа толы матч 4 сағат 30 минутқа созылды. Алғашқы сетте Скатовтың қарсыласы 7:6 есебімен басым түсті. Алайда кейін қазақстандық теннисші ойын барысын өз пайдасына өзгертіп, келесі екі партияны да тай-брейкте жеңіп шықты — 7:6, 7:6.
Италия. Perugia Challenger (1/8 финал, ерлер)
Тимофей Скатов (Қазақстан) – Чунь-Хсин Цзэн (Тайвань) – 6:7, 7:6, 7:6
Турнирдің ширек финалында Скатов италиялық Марко Чеккинатомен күш сынасады. Қазіргі таңда Чеккинато ATP рейтиңінде 178-орында тұр.