Басты бет
·
Футбол

Словакия – Қазақстан: Ұлттар лигасының матчын қайдан көруге болады?

Али Асетов··
ҚФФ

ҚФФ

Қазақстан құрамасы 29 қыркүйектен 30 қыркүйекке қараған түні УЕФА Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы екінші матчын өткізеді.

Қазақстан құрамасының қарсыласы Словакия болады. Кездесу Кошице қаласында өтеді.

Матчтың тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады. Ойын Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады.

Командалар 2026/27 жылғы Ұлттар лигасының С дивизионындағы 3-топта өнер көрсетеді.

Матчтың ең маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасындағы live форматында бақылауға болады.

Бірінші турдан кейін Словакия құрамасының еншісінде үш ұпай бар. Өз алаңында словактар Молдованы 2:0 есебімен сенімді жеңді.

Ал Фарер аралдарына қарсы сырт алаңдағы матчта Джон ван ’т Схип шәкірттері 1:1 есебімен тең түсті.

Еске салайық, Қазақстан мен Словакия соңғы рет 2022 жылы Ұлттар лигасы аясында кездесті. Сол ойында Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жеткен.

Словакия – Қазақстан: Ұлттар лигасының матчын қайдан көруге болады? – sport-hub