Басты бет
·
Футбол

Смақовтың голы «Бешикташқа» қатарынан алтыншы жеңісін әкелді

Бекарыс Әлімхан··
«Бешикташ» ФК

«Бешикташ» ФК

Қазақстандық жартылай қорғаушы Аламгир Смақов Түркия жасөспірімдер чемпионатында «Бешикташ U-19» пен «Коджаэлиспор U-19» арасындағы матчта гол соқты.

Кездесу алаң иелерінің 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Смақов негізгі құрамда шығып, 53-минутта көзге түсті. «Бешикташтың» тағы екі голын Туна Демир соғып, 36 және 66-минуттарда дубль авторы атанды.

18 жастағы қазақстандық үшін бұл осы маусымдағы бесінші гол болды. Бұған дейін ол «Эюпспор», «Аланьяспор», «Фенербахче» және «Эрзурумспор» командаларына қарсы матчтарда гол соққан. «Фенербахчуға» қарсы 2:1 есебімен аяқталған кездесуде жартылай қорғаушы нәтижелі пас та берген.

Алты матчтан кейін «Бешикташ U-19» 18 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. Команда қатарынан алты рет жеңіске жетті.

Аламгир Смақов – «Қайрат» академиясының түлегі. Ол тамыз айында «Бешикташқа» ауысты. Әкесі – Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қорғаушысы әрі капитаны Самат Смақов.