Софья Берульцева мансабында Азия ойындарындағы екінші алтынын жеңіп алды

Фото: ҚР ҰОК
Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
68 келіден жоғары салмақтағы финалда ол Таиланд өкілі Маниван Буцуванды жеңді.
Берульцева финалға дейін Сауд Арабиясының спортшысы Дина Ахмед Мостафаға қарсы кездесуде 9:6 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалда Непал өкілі Арика Гурунгтен басым түсті.
Бұл — Берульцеваның Азия ойындарындағы екінші алтыны. Қазақстандық спортшы 2022 жылы Ханчжоуда өткен құрлықтық ойындарда да чемпион атанған болатын.
Берульцева үшін бұл Азия ойындары мансабындағы кезекті ірі жарыс болды. Ол 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азияның үш дүркін чемпионы.
Осылайша, Софья Берульцева Қазақстанға 2026 жылғы Азия ойындарындағы төртінші алтын медальді сыйлады. Бұған дейін Ринат Сұлтанов, Алексей Луценко және Жоламан Биғабыл чемпион атанған еді.