Соня Жиенбаева Испаниядағы турнирдің финалына шықты
Бөлісу

ҚТФ
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Оренседе өтіп жатқан ITF турнирінің финалына жолдама алды.
Жартылай финалда Жиенбаева жапониялық Рина Сайгомен кездесті. Қазақстандық спортшы алғашқы сетте сенімді ойын көрсетіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Екінші партия тартысты өтті, алайда Жиенбаева тай-брейкте қарсыласын жеңіп шықты — 7:6 (7:5). Матчтың жалпы ұзақтығы 1 сағат 37 минутқа созылды.
Финалда Соня Жиенбаева WTA рейтингінде 442-орында тұрған болгариялық теннисші Изабелла Шиниковамен ойнайды.
Оренседегі турнирдің жүлде қоры 60 мың долларды құрайды.