Соня Жиенбаева Португалиядағы турнирді жарқын жеңіспен бастады
Бөлісу

фото: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Португалияның Эльвас қаласында өтіп жатқан World Tennis W50 турнирінің жұптық сынында сәтті өнер көрсетті.
Алғашқы айналымда қазақстандық спортшы литвалық Ивета Дапкутемен бірге америкалық-португалиялық дуэт Ди Джей Беннетт пен Мария Гарсияны жеңді. 1 сағат 27 минутқа созылған кездесу қазақстандық-литвалық жұптың сенімді жеңісімен аяқталды – 6:3, 6:2, 10:6.
Соня Жиенбаева мен Ивета Дапкуте жарыстың ширек финалына жолдама алды. Турнирдің жүлде қоры 40 мың долларды құрайды. Эльвастағы дода 29 маусымда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады.