Соня Жиенбаева Қытайдағы ITF турнирінің екінші айналымына шықты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚТФ

Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Қытайдың Юнин қаласында өтіп жатқан ITF W100 санатындағы турнирді сәтті бастап, жарыстың екінші айналымына жолдама алды.

Турнирдің алғашқы кезеңінде 19 жастағы қазақстандық теннисші корт иесі Есинь Маға қарсы ойнады. WTA рейтингінде 189-орында тұрған қытайлық спортшыға қарсы матчта Жиенбаева сенімді ойын көрсетіп, екі сетте жеңіске жетті – 6:3, 6:1.

Қазіргі таңда әлемдік рейтингте 902-орында тұрған қазақстандық теннисші осы жеңісінің арқасында турнирдің екінші айналымына шықты.

Келесі кезеңде Соня Жиенбаеваның қарсыласы Индонезия өкілі Приска Нугрохо болады. Ол WTA рейтингінде 429-сатыда орналасқан.