Соня Жиенбаева Қытайдағы ITF W50 турнирінің екінші айналымына шықты
Бөлісу

Фото: ФТК
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Қытайдың Юньин қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің алғашқы айналымынан сәтті өтіп, жарыстың 1/8 финалына жолдама алды.
Бірінші айналымда WTA рейтиңінде 1037-орында тұрған Жиенбаева ресейлік Александра Шубладземен (WTA №206) кездесті.
Алғашқы сетте ресейлік теннисші 6:4 есебімен жеңіске жетті. Алайда екінші партия барысында Шубладзе матчты жалғастыра алмай, кездесуден бас тартты. Осылайша, қазақстандық спортшы турнирдің келесі кезеңіне өтті.
Жиенбаеваның келесі қарсыласы WTA рейтиңінде 371-орында тұрған ресейлік Варвара Паншина болады.