Спорт тарихындағы 19-мамыр: «Челсидің» триумфы, Винокуровтың жеңісі және Ататүрікті еске алу күні

Фото: Sport-hub.kz
19 мамыр спорт тарихында Александр Винокуровтың жеңісімен, «Челсидің» Чемпиондар лигасындағы алғашқы титулымен және басқа да айтулы оқиғалармен есте қалды.
Жас шабандоздар үздіктерді анықтады
Оңтүстік астанада көкпардан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Турнир жеңімпазы Жамбыл облысының командасы атанды.
Қазақстандық файтер тартысты жекпе-жек өткізді
Қазақстандық ММА файтері Мұратбек Қасымбай Алматыда өткен Hardcore MMA стадиондық турнирінде ресейлік Аловсет Мамиевті жеңді. Үш раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық спортшыға берді.
Винокуров Францияда көш бастады
Аңызға айналған қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров сол кезде француздық Casino-Ag2r командасының құрамында өнер көрсетіп, Grand Prix du Midi Libre беделді көпкүндігінің екінші кезеңінде жеңіске жетті.
Әлем. Сенсация
2012 жылдың 19 мамырында «Челси» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасы трофейін жеңіп алды. Лондондық клуб финалда өз алаңында ойнаған Мюнхендік «Баварияны» пенальти сериясында қапы қалдырды.
Уэйн Гретцки алғашқы Стэнли кубогында топ жарды
«Эдмонтон Ойлерз» - «Нью-Йорк Айлендерсті» 5:2 есебімен жеңіп, өз тарихында алғаш рет Стэнли кубогының иегері атанды. Финалдық матчта Уэйн Гретцки екі шайба соғып, көзге түсті.
Жеңісті сәттің видеосы:
«Манчестер Ситидің» рекорды
Англия Премьер-лигасының 38-туры аясында «Манчестер Сити» «Вест Хэмді» 3:1 есебімен жеңді. Хосеп Гвардиола шәкірттері турнир кестесінде бірінші орын алып, қатарынан төртінші рет чемпион атанды.
Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күні
Бұл мемлекеттік мереке Мұстафа Кемал Ататүріктің 1919 жылғы 19 мамырда Самсун қаласындағы түрік жастарының алдында сөйлеген сөзіне арналған. Өз сөзінде ел көшбасшысы басқыншыларға қарсы күреске жұмылуға шақырған. Түркияның ресми тарихнамасына сәйкес, дәл осы күн елдің тәуелсіздік соғысының басталуы болып саналады. Осыдан соң, Ататүріктің: «Мен 19 мамырда дүниеге келдім», - деген сөздері кеңінен танылды.
Бүгінгі күні дүниеге келгендер
Әділбек Ниязымбетов — қазақстандық боксшы, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері (Лондон-2012, Рио-2016).
Жорж Сен-Пьер — UFC-дің бұрынғы үш дүркін чемпионы. 2021 жылы есімі UFC Даңқ залына енгізілген.