Стас Покатилов өнер көрсететін «Викинг» – «Сабах» матчын қайдан көруге болады?

Фото: Getty Images
Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов ойнайтын әзербайжандық «Сабах» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда Норвегияның «Викинг» клубымен сырт алаңда кездеседі.
Матч 4 қарашадан 5 қарашаға қараған түні Ставангер қаласында өтеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Командалар турнирдің алғашқы үш турында әртүрлі нәтиже көрсетті. Әзербайжандық клубтың еншісінде үш ұпай бар. «Сабах» жарысты чехиялық «Славияны» 2:0 есебімен жеңуден бастады. Алайда кейін ағылшындық «Манчестер Юнайтедке» (0:4) және германиялық «Боруссияға» (1:2) есе жіберді.
Норвегиялық «Викинг» әзірге бір ұпай ғана жинаған. Команда жалғыз ұпайын германиялық «Бавариямен» 3:3 есебімен тең түскен матчта еншіледі. Ал қалған кездесулерде германиялық «Штутгарттан» (1:2) және ағылшындық «Астон Вилладан» (1:3) жеңілді.
Бұған дейін «Сабах» пен «Викинг» өзара кездескен емес. Сондықтан алдағы матч екі клуб арасындағы алғашқы текетірес болмақ.
Қазақстандық жанкүйерлердің назары Стас Покатиловқа аударылады. Ұлттық құраманың қақпашысы «Сабахтың» жалпы кезеңдегі алғашқы үш матчында да алаңға шықты. Осы кездесулерде ол алты гол жіберіп, бір ойында қақпасын голдан аман сақтады.