Басты бет
·
Хоккей

«Тампа» «Вашингтон» қақпасына бес шайба соғып, жеңіске жетті

Бекарыс Әлімхан··
Фото: ХК «Тампа-Бэй Лайтнинг»

Фото: ХК «Тампа-Бэй Лайтнинг»

«Тампа-Бэй Лайтнинг» Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) тұрақты чемпионатында өз алаңында «Вашингтон Кэпиталзды» 5:2 есебімен жеңді. Кездесуде Джейк Гюнцель дубль авторы атанды.

Тампа (АҚШ). ҰХЛ. Тұрақты чемпионат

«Тампа-Бэй Лайтнинг» – «Вашингтон Кэпиталз» – 5:2

Шайбалар: О'Райли, 3; Д'Астус, 11; Гюнцель, 14, 32; Чирелли, 58 – Так, 17; Леонард, 45.

Алаң иелері алғашқы кезеңде үш шайба соқты. Есепті Сэм О'Райли ашты. Бұл оның ҰХЛ-дағы алғашқы голы болды.

Кейін Шарль-Эдуар Д'Астус пен Джейк Гюнцель көзге түсті. Ал үзіліске дейін Алекс Так «Вашингтонның» есеп айырмасын қысқартты.

Екінші кезеңде Гюнцель тағы бір шайба соғып, дубль жасады. Осылайша «Тампа» есепті 4:1-ге жеткізді.

Үшінші кезеңде Райан Леонард қонақтардың екінші шайбасын соқты. Алайда кездесудің аяқталуына екі минут қалғанда Энтони Чирелли бос қақпаны дәл көздеп, матчтың қорытынды есебін белгіледі.

«Тампа» қорғаушысы Джон Карлсон бұрынғы командасына қарсы кездесуде үш нәтижелі пас берді.

Ал ресейлік шабуылшы Никита Кучеров ҰХЛ-дағы 900-матчында екі нәтижелі паспен көзге түсті.

Қақпашы Андрей Василевский қарсыластың 27 соққысын қайтарды. Илья Михеев нәтижелі әрекетімен ерекшеленген жоқ.

«Вашингтон» капитаны Александр Овечкин де бұл кездесуде ұпай жинай алмады.

Осылайша елордалық команда қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырады.

Екі команда да келесі матчтарын 20 қарашада өткізеді. «Тампа» өз алаңында «Эдмонтон Ойлерзді» қабылдаса, «Вашингтон» «Баффало Сейбрзбен» кездеседі.