Танымал хореограф Олимпиада-2026 жүлдегерін еркін бағдарламаға дайындады
Бөлісу

Фото: Sports.ru
Мәнерлеп сырғанаудан екі дүркін Олимпиада чемпионы, француз спортшысы Гийом Сизерон Олимпиада-2026 ойындарының жекелей сындағы күміс және қола жүлдегері жапондық Сюн Сатоны жаңа еркін бағдарламаға дайындаған.
Бұл туралы Сизерон өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Бағдарламаны Сизерон хореограф Сэм Шуинармен бірлесіп құрастарған.
Сюн Сато сондай-ақ әлем чемпионаты мен ISU Гран-при финалының қола жүлдегері атанды.
Сизерон соңғы Олимпиада ойындарында жаңа серіктесі Лоранс Фурнье Бодримен бірге мансабындағы екінші Олимпиада алтынын жеңіп алды. Алғашқы жеңісіне ол 2022 жылы Габриэла Пападакиспен бірге қол жеткізген еді.