Team Spirit Dota 2 бойынша The International турнирінде үшінші рет чемпион атанды

Фото: escorenews.com
Team Spirit Dota 2 бойынша The International 2026 турнирінің гранд-финалында TEAM VISION командасын 3:2 есебімен жеңіп, жарыста үшінші рет чемпион атанды.
Финалдың алғашқы картасында Team Spirit қарсыласының пассивті ойынын тиімді пайдаланып, есепте алға шықты. TEAM VISION екінші ойында бастаманы өз қолына алып, таразы басын теңестірді. Үшінші картада Team Spirit қайтадан жеңіске жетсе, төртінші ойында Dukalis бастаған команда мықты болып, чемпион тағдырын шешуші бесінші картаға жеткізді.
Финалдың соңғы картасында командалар ұзақ уақыт бойы тең дәрежеде ойнады. TEAM VISION аздаған басымдыққа ие болғанымен, Team Spirit ойын барысын өзгертіп, картадағы бақылауды өз қолына алды. Кездесудің соңында Team Spirit қарсыласын толық басып озып, оның тақтарын талқандады.
Осылайша, Team Spirit The International турниріндегі үшінші чемпиондық атағын жеңіп алды. Бұған дейін ресейлік команда 2021 және 2023 жылдары топ жарған еді. Чемпионға 1,424 миллион доллар сыйақы берілсе, TEAM VISION екінші орын үшін 435,7 мың доллар алды. The International 2026 Шанхайда өтті, ал плей-офф кезеңі 20–23 тамыз аралығында ұйымдастырылды.