Тер Штеген мансабын «Аякста» жалғастыруы мүмкін

Фото: Getty Images
«Барселона» клубының қақпашысы Марк-Андре тер Штеген мансабын «Аякста» жалғастыруы мүмкін. Тараптар неміс голкиперін жалға алу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.
Фабрицио Романоның мәліметінше, клубтар 34 жастағы қақпашыны жалға беру шарттарын талқылауда. Негізгі мәселе футболшының жалақысын «Барселона» мен «Аякс» арасында бөлу.
2026 жылдың қаңтарында тер Штеген «Жиронаға» жалға берілген болатын. Алайда екі матчтан кейін ол тізе асты сіңірінен жарақат алып, маусымның қалған бөлігін өткізіп алды.
Еске салайық, неміс қақпашысы «Барселона» сапында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол алты рет Испания чемпионы атанып, Чемпиондар лигасын, төрт рет Испания кубогын, бес рет Испания Суперкубогын және УЕФА Суперкубогын жеңіп алды.
Жалпы, каталондық клуб құрамында 423 матч өткізген.