«Тобыл» Конференция лигасындағы қарсыласын білді

Темирлан Мажекенов ··
«Тобыл» ФК

«Тобыл» ФК

Қостанайлық «Тобыл» 2026/2027 жылғы УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласын анықтады.

Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық клуб Литваның «Паневежис» командасымен кездеседі. Бұл қарсыласу Қостанай ұжымы үшін еурокубок біліктілік кезеңіндегі келесі сынақ болмақ.

Екінші кезең матчтары 23 және 30 шілдеге жоспарланған. «Тобыл» алғашқы ойынын сырт алаңда өткізсе, қарымта кездесу Қостанайдағы өз алаңында өтеді.

Матчтардың нақты басталу уақыты кейінірек жарияланады.

Еске сала кетейік, өткен маусым қорытындысы бойынша «Тобыл» Қазақстан чемпионатында үшінші орын алып, ел Кубогын жеңіп алған еді. Осы жетістіктерінің арқасында команда Конференциялар лигасына қатысу мүмкіндігіне ие болды.