«Тобыл» ойыншысы «Партизаннан» жеңілгеннен кейін жанкүйерлерге үндеу жасады

Бекарыс Әлімхан··
«Тобыл» ФК

«Тобыл» ФК

Қостанайлық «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Александр Зуев команданың Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі ойындарын аяқтауына байланысты пікір білдірді.

Қостанайлықтар Белградтың «Партизанымен» үшінші іріктеу кезеңінде кездесіп, екі матчтың қорытындысы бойынша 1:5 есебімен жеңіліп, еурокубоктағы жорығын аяқтады.

«Осы жолда бізбен бірге болып, қолдау көрсеткен әрбір адамға рақмет. Бүгін біздің еурокубоктағы жолымыз аяқталды. Алаңда қолымыздан келгеннің бәрін жасадық», – деп жазды Зуев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, «Тобыл» Конференция лигасындағы жорығын екінші іріктеу кезеңінен бастады. Қостанайлық клуб Литваның «Паневежисімен» екі рет тең ойнады — 1:1, ал Қостанайда өткен қарымта кездесуде пенальти сериясында 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Енді «Партизан» Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі плей-офф раундында испаниялық «Хетафеге» қарсы ойнайды.