«Төреші біздің жеңгенімізді қаламады». Мысыр шабуылшысы даулы мәлімдеме жасады

Фото: Getty Images
Мысыр құрамасының шабуылшысы Мұстафа Зико 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Аргентинадан 2:3 есебімен жеңілгеннен кейін матчқа қазылық еткен төрешіні қатаң сынға алды.
Кездесу барысында мысырлықтар екі доп айырмасымен алда тұрғанымен, жеңісті сақтап қала алмай, турнирмен қош айтысты.
Матчтың ең даулы сәттерінің бірі 58-минутта тіркелді. Бейнеқайталымды қарап шыққан төреші Франсуа Летексье Зиконың голын есепке алған жоқ. Ал ойынның соңына қарай мысырлықтар Мұхамед Салахқа қарсы ереже бұзылды деп пенальти талап еткенімен, бас төреші бұл эпизодқа мән берген жоқ.
Матчтан кейін Зико төрешінің шешімдері ойын тағдырына тікелей әсер етті деп есептейтінін айтты.
«Төреші нашар әрі әділетсіз болды. Оның әділетсіздігі анық көрінді. Ол матч басталғаннан-ақ бізге қысым көрсетті. Біздің жеңгенімізді қаламады. Бұл матчтың нәтижесі алдын ала шешілгендей әсер қалдырды. Бұл біздің кінәміз емес. Біз 2:0 есебімен алда тұрдық, бірақ ол бізге қарсы жұмысын жалғастырды. Аргентинаны әлем чемпионатындағы кезекті жеңісімен құттықтаймын», – деді Зико.
Айта кетейік, осы жеңістің арқасында Аргентина құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шықса, Мысыр турнирдегі өнерін аяқтады.