«Торпедо» Қазақстан кубогы-2026 додасының барлық жекелей жүлдесін иеленді

Аружан Талғат··
Фото: hctorpedokz

Фото: hctorpedokz

Қазақстан кубогы-2026 хоккей турнирі аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар жарыстың үздік ойыншыларын анықтады. Үш жекелей жүлденің барлығы да «Торпедо» өкілдеріне бұйырды.

Жарыстың үздік қақпашысы болып Сергей Кудрявцев танылды. Өскемендік команданың қақпашысы клубының турнирдегі жолын сәтті жалғастырып, шешуші матчқа дейін жетуіне өз үлесін қосты.

Үздік қорғаушы жүлдесі Федор Хорошевке табысталды. Ал «Торпедоның» тағы бір ойыншысы Диас Гусейнов Қазақстан кубогы-2026 турнирінің үздік шабуылшысы атанды.

Осылайша, жарыстың жекелей жүлдегерлері төмендегідей:

Қазақстан кубогы-2026. Үздік ойыншылар

• үздік қақпашы – Сергей Кудрявцев («Торпедо»);

• үздік қорғаушы – Федор Хорошев («Торпедо»);

• үздік шабуылшы – Диас Гусейнов («Торпедо»).

Өскемендік клуб турнирді жекелей жүлделермен ғана емес, басты трофеймен де аяқтады. Финалда «Торпедо» қарағандылық «Сарыарқаны» 8:2 есебімен ойсырата жеңіп, екінші жыл қатарынан Қазақстан кубогын жеңіп алды.

«Торпедо» Қазақстан кубогы-2026 додасының барлық жекелей жүлдесін иеленді – sport-hub