Триатлоннан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

Фото: ҚР ҰОК ресми сайты
Қытайдың Сюйчжоу қаласы триатлоннан Азия чемпионатын қабылдайды. Турнир бірден үш жас санатын қамтиды.
Қатысушылар ересектер, жасөспірімдер және 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында суперспринт дисциплинасы бойынша жүлделерді сарапқа салады.
World Triathlon халықаралық федерациясының мәліметінше, Қазақстан құрамасының алдын ала өтінімі жасақталған.
Ересектер: Арлан Жанабай, Темірлан Теміров, Дарын Қонысбаев, Егор Крупяков, Александр Тен, Аян Бейсенбаев, Диана Ержанова.
Жасөспірімдер: Гор Депершмидт, Рамазан Айнегов, Еламан Балабаев, Альхам Мұрат, Калерия Шнейдер, Алуа Нұрмұхамет.
U15 санаты: Матвей Павлов, Хайдар Исмаилбаев, Айтуған Құмықбаев, Александр Суховольский, Алтынай Нұрланқызы, Ясмина Бузуртанова.
Азия чемпионаты 13-14 маусым аралығында өтеді.