Царукян АҚШ-та өткен турнирде UFC-дің бұрынғы жұлдызын мерзімінен бұрын жеңді
Бөлісу

Фото: rafwrestlingusa
Арман Царукян АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен RAF 10 еркін күрес турнирінде UFC-дің бұрынғы жауынгері Тони Фергюсонды мерзімінен бұрын жеңді.
Жекпе-жек екінші раундта Царукянның айқын басымдығымен аяқталып, кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Бұл Царукян үшін RAF лигасындағы жетінші кездесу болды. Ал Фергюсон осы күрес промоушеніндегі дебюттік жекпе-жегін өткізді. Армениялық файтер алғашқы минуттардан бастап айқасты толық бақылауда ұстап, сенімді жеңіске жетті.
Царукян соңғы рет ММА ережесі бойынша 2025 жылдың қарашасында жекпе-жек өткізіп, екінші раундта жаңазеландиялық Дэн Хукерді сабмишн әдісімен жеңген еді. Ал Фергюсон соңғы рет 2024 жылдың тамызында октагонға шығып, Майкл Кьезеге жол берген болатын.