Царукян UFC 331 алдында Руффимен көз арбасу өткізді

Фото: UFC
UFC жеңіл салмақтағы рейтингінің екінші сатысындағы Арман Царукян жекпе-жек алдындағы көз арбасуда Маурисио Руффимен кездесті.
Жекпе-жекшілер UFC 331 турнирі қарсаңында көз арбасты. Байрақты бәсекелер 20 қыркүйек күні таңертең Лос-Анджелестегі «Крипто.ком-Аренада» өтеді. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек кештің басты айқасына дейінгі негізгі кездесу болады.
Армения атынан өнер көрсететін Царукянның еншісінде 23 жеңіс және үш жеңіліс бар. Арман UFC-дегі дебютін 2019 жылдың сәуірінде өткізіп, қазір дивизион рейтингінде екінші орында тұр. Ал Руффи 14 рет жеңіп, екі рет жеңілген. Бразилиялық спортшы 14 жеңісінің 13-ін нокаутпен тіркеген.
UFC 331 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақ чемпионы Джошуа Ван мен бұрынғы чемпион Алешандре Пантожа реванш өткізеді.