ЦСКА ҚХЛ матчында «Сібірді» ірі есеппен жеңді

ЦСКА
Мәскеулік ЦСКА Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында новосібірлік «Сібірді» 4:1 есебімен жеңді. Кездесуде Дмитрий Бучельников дубль авторы атанды.
9 қарашада Мәскеудегі «ЦСКА-Аренада» ҚХЛ-дың 2026/2027 жылғы маусымының кезекті матчы өтті.
Бірінші кезеңнің аяқталуына 38 секунд қалғанда ЦСКА шабуылшысы Дмитрий Бучельников есеп ашты. Екінші кезеңнің басында ол тағы бір шайба соғып, дубль жасап, мәскеулік команданың басымдығын арттырды.
Үшінші кезеңде алаң иелері ойынды өз бақылауында ұстады. 53-минутта Максим Соркин сан басымдығын пайдаланып, есепті 3:0-ге жеткізді.
Бірнеше минуттан кейін «Сібір» қорғаушысы Иван Мищенко бір шайбамен жауап қайтарды. Алайда қонақтар есеп айырмасын одан әрі қысқарта алмады.
Матчтың аяқталуына 24 секунд қалғанда Николай Коваленко бос қақпаны дәл көздеп, кездесудің қорытынды есебін белгіледі.
ЦСКА – «Сібір» – 4:1.
Осылайша мәскеулік клуб негізгі уақытта жеңіске жетіп, турнирлік кестедегі қоржынына екі ұпай қосты.
Айта кетейік, ҚХЛ-дың 2026/2027 жылғы тұрақты чемпионаты 2027 жылдың 20 наурызына дейін жалғасады. Әр команда 68 матчтан өткізеді.
Ал Гагарин кубогы үшін плей-офф кезеңі 23 наурыз бен 23 мамыр аралығына жоспарланған.