«Тұран» Бірінші лиганың соңғы турында «Оңтүстік Академиясын» жеңді

Түркістандық «Тұран» 2026 жылғы Қазақстан Бірінші лигасының соңғы, 26-туры аясында сырт алаңда шымкенттік «Оңтүстік Академиясын» жеңіп, маусымды жеңіспен аяқтады.
Қонақтар кездесудің алғашқы минутынан бастап тізгінді қолға алды. Бірінші минутта Темірлан Мұражғалиев есеп ашып, командасын алға шығарды. Ал 18-минутта Өркен Махан «Тұранның» басымдығын арттырды.
Кездесудің қалған бөлігінде түркістандықтар есепті сақтап, алаң иелеріне гол соғуға мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде «Тұран» 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші лига. 26-тур
«Оңтүстік Академиясы» – «Тұран» – 0:2
Голдар: Мұражғалиев (1), Махан (19).
Осылайша, «Тұран» 57 ұпай жинап, чемпионатты үшінші орынмен аяқтады. Түркістандық клуб 2027 жылы Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсету құқығына ие болды.
Айта кетейік, «Тұран» жоғары дивизионға жолдаманы мерзімінен бұрын қамтамасыз еткен. Турнир кестесінде одан жоғары тұрған «Қайрат-Жастар» фарм-клуб мәртебесіне байланысты Премьер-лигаға көтеріле алмайды.