Түркия құрамасы әлем чемпионатына қатысатын қорытынды құрамын жариялады

Түркия футбол федерациясы (TFF) АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатына арналған соңғы ойыншылар тізімін жариялады.
Қорытынды құрамға 26 футболшы енді.
Түркия құрамасының ӘЧ-2026 турниріне арналған өтінімі:
Қақпашылар: Алтай Байындыр («Манчестер Юнайтед», Англия), Мерт Гюнок («Фенербахче»), Угурджан Чакыр («Галатасарай»).
Қорғаушылар: Абдюлкерим Бардакджы («Галатасарай»), Мерих Демирал («Әл-Ахли», Сауд Арабиясы), Чаглар Сеюнджю («Фенербахче»), Эрен Элмалы («Галатасарай»), Ферди Кадыоглу («Брайтон», Англия), Мерт Мюльдюр («Фенербахче»), Озан Кабак («Хоффенхайм», Германия), Самет Акайдын («Ризеспор»), Зеки Челик («Рома», Италия).
Жартылай қорғаушылар: Хакан Чалханоглу («Интер», Италия), Исмаил Юксек («Фенербахче»), Каан Айхан («Галатасарай»), Оркун Кекчю («Бешикташ»), Салих Өзджан («Боруссия» Дортмунд, Германия).
Шабуылшылар: Арда Гюлер («Реал», Испания), Барыш Алпер Йылмаз («Галатасарай»), Жан Узун («Айнтрахт» Франкфурт, Германия), Дениз Гюль («Порту», Португалия), Ирфан Жан Кахведжи («Касымпаша»), Кенан Йылдыз («Ювентус», Италия), Керем Актюркоглу («Фенербахче»), Огуз Айдын («Фенербахче»), Юнус Акгюн («Галатасарай»).
2026 жылғы әлем чемпионатында Түркия құрамасы D тобында АҚШ, Парагвай және Аустралия құрамаларымен кездеседі.
Турнир 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде бастауын алады.