Түркияда ойнайтын қазақстандық футболшы «Шахтерге» ауысуға жақын

Бегасыл Амирбай ··
Фото: «Химки» ФК

Фото: «Химки» ФК

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Лев Скворцов Қарағандылық «Шахтер» клубының ойыншысы атануы мүмкін, деп хабарлайды Amanvibe.kz.

26 жастағы футболшы клубпен екі жарым жылдық келісімшарт талаптарын келісіп қойған. Егер келісімге қол қойылса, Скворцов қазақстандық командаға жазғы трансферлік кезеңде ауысып барады.

Алайда қарағандылық клубтың ұсынысы ойыншы үшін жалғыз нұсқа емес. Қорғаушы Қазақстан Премьер-лигасындағы тағы үш клубтың ұсынысын қарастырып жатыр.

Қазіргі уақытта Скворцов Түркияның «Серикспор» клубында өнер көрсетеді. Өткен маусымда қорғаушы өзі қатысқан 16 ойында бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Түркияда ойнайтын қазақстандық футболшы «Шахтерге» ауысуға жақын – sport-hub