Турпал Гедиев Алматыда өткен ACA 205 турнирінде қатарынан сегізінші жеңісіне жетті
Бөлісу

Фото: Турпал Гедиев
Алматыда өткен ACA 205 турнирі ресейлік жеңіліс көрмеген файтер Турпал Гедиевтің қырғызстандық Нурбек Абдыкадыровты мерзімінен бұрын жеңуімен басталды.
Жекпе-жек жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде өтті. Бастапқыда тең деңгейде өткен айқаста уақыт өте келе бастаманы Гедиев қолға алды. Екінші раундта ол қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңіп, берілтуге мәжбүр етті.
Бұл жеңіс ресейлік спортшы үшін кәсіби мансабындағы қатарынан сегізінші жеңіс болды, әрі ол әлі күнге дейін жеңіліс көрмеген. Ал Абдыкадыров үшін бұл ММА-дағы төртінші жеңіліс саналады.
ACA 205 турнирінің басты оқиғасы жартылай ауыр салмақтағы ресейліктер Муслим Магомедов (16-0) пен Эльмар Гасанов (12-1) арасындағы чемпиондық жекпе-жек болмақ.