УЕФА «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековтің сейвін үздіктер қатарына қосты

Фото: Getty Images
Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турдың үздік сейвтеріне үміткерлер қатарына енді.
УЕФА турнирдің Instagram парақшасында қақпашылардың жеті үздік сейвін жариялап, жанкүйерлерге ең әсерлісін таңдауды ұсынды. Үміткерлер арасында Италияның «Аталанта» клубына қарсы сырт алаңдағы кездесуде көзге түскен 23 жастағы қазақстандық қақпашы да бар.
Анарбековпен қатар үздіктер тізіміне Бакхаус, Ройс, Кокубо, Лундин, Дроммел және Ханкинс енді.
Еске салайық, Бергамода өткен «Аталанта» мен «Қайрат» арасындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Матч барысында Анарбеков қарсыластың алты соққысын қайтарып, командасын бірнеше рет голдан құтқарды.
53-минутта Марк Гуаль алматылықтарды алға шығарғанымен, 82-минутта Никола Крстович есепті теңестірді.
Үш турдан кейін «Қайраттың» еншісінде екі ұпай бар. Алматылық клуб келесі кездесуін 26 қарашада өз алаңында Швецияның «Мьельбю» командасына қарсы өткізеді.