UFC 335: Чарльз Оливейра BMF титулы үшін Диего Лопеспен жекпе-жек өткізеді

Фото: MMA Fighting
UFC-нің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Чарльз Оливейра (37-11-0) келесі жекпе-жегін Диего Лопеске (28-8-0) қарсы өткізеді.
Бразилиялық қос файтер 12 желтоқсанда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтетін UFC 335 турнирінің басты жекпе-жегінде кездеседі.
Кештің басты жекпе-жегінде Оливейраға тиесілі BMF титулы сарапқа салынады. 36 жастағы бразилиялық үшін бұл – арнайы белбеуді кезекті қорғауы. Ол BMF титулын 2026 жылдың наурызында UFC 326 турнирінде Макс Холлоуэйді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, иеленген.
Оливейра UFC тарихындағы мерзімінен бұрын жеңістер және сабмишн арқылы жеңген жекпе-жектер саны бойынша ең үздік файтерлердің бірі. Оның кәсіпқой рекордында 37 жеңіс пен 11 жеңіліс бар. 2026 жылы бразилиялық жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүр.
Диего Лопес жартылай жеңіл салмақтан жеңіл салмаққа көтеріледі. 31 жастағы файтер соңғы жекпе-жегінде Стив Гарсияны екінші раундта нокаутпен жеңіп, кәсіпқой рекордын 28 жеңіс пен 8 жеңіліске жеткізді. Оливейрамен жекпе-жек оның мансабындағы ең маңызды сынақтардың біріне айналмақ.
UFC 335 турнирінің ко-мейн-ивентінде ауыр салмақта UFC-нің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы Алекс Перейра (13-4-0) мен ресейлік ауыр салмақтағы Сергей Павлович (21-3-0) кездеседі.