UFC Оливейра мен Перейра қатысатын турнирдің постерін таныстырды

Фото: Getty Images
UFC ұйымы 12 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC 335 турнирінің ресми постерін жариялады.
Турнир жекпе-жектері T-Mobile аренасында өтеді.
Кештің басты оқиғасы бразилиялық Чарльз Оливейра мен Диего Лопес арасындағы кездесу болады. Бұл жекпе-жекте BMF арнайы белбеуі сарапқа салынады. Қазіргі уақытта оның иесі – Оливейра.
36 жастағы жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион бұл атақты 2026 жылдың наурызында иеленген. UFC 326 турнирінде ол америкалық Макс Холлоуэйді бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.
Оливейра UFC тарихындағы мерзімінен бұрын жеңістер мен ауырту және қылқындыру әдістері арқылы қол жеткізген жеңістер саны бойынша рекордшылардың қатарында. Бразилиялық файтер кәсіби мансабында 37 рет жеңіске жетіп, 11 рет жеңілген. Оның алдағы қарсыласы Диего Лопес бұған дейін чемпиондық белбеу үшін екі рет октагонға шыққан.
Кештің тағы бір маңызды жекпе-жегінде UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Алекс Перейра ресейлік ауыр салмақтағы Сергей Павловичпен кездеседі. Бұл айқас турнирдің басты жекпе-жегінен кейінгі екінші маңызды кездесу ретінде белгіленген.