UFC жекпе-жек шебері Аллан Насименто 34 жасында өмірден өтті
Бөлісу

Фото: UFC
UFC ұйымының аса жеңіл салмақтағы бразилиялық файтері Аллан Насименто 34 жасында қайтыс болды.
Спортшының қазасы туралы UFC баспасөз қызметі әлеуметтік желіде хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, Насименто 3 тамыз күні таңертең өз үйінде көз жұмған. Бастапқы болжамға сәйкес, оның өліміне ұйқы кезінде болған жүрек талмасы себеп болған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер спортшыны аман алып қала алмай, оның қайтыс болғанын тіркеді.
Аллан Насименто соңғы жекпе-жегін 20 маусымда UFC Vegas 119 турнирінде өткізіп, америкалық Митч Рапосодан төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңілген еді.
ММА-дегі мансабында бразилиялық файтер 29 жекпе-жек өткізіп, 22 жеңіске жетіп, жеті рет жеңіліс тапты.