«Ұлтым неміс болғасын Германия Чемпионатына ауысқым келеді»

Inst: laturnus.v19
Қазақстан Жасөспірімдер лигасының тағы бір жұлдызды түлегі топ лигаларға көз тікті
«Ақтөбе» футбол клубының шабуылшысы Виталий Латурнус футболдан Қазақстан Премьер-Лигасында алғашқы нәтижелі әрекетпен көзге түсті. «Қобыланды батыр» стадионында «Қайсарға» қарсы өткен тоғызыншы тур ойынында Виталий Артур Шушеначевтің соққан голына асситент авторы атанды.
Осылайша, 17 жастағы «Ақтөбе» футбол клубының түлегі биылғы маусымда екінші рет нәтижелі паспен ерекшеленді. Ол алғаш рет Қазақстан Кубогіндегі «Елімайға» қарсы кездесуде Луиш Нанидің дебюттік голын соғуына септескен еді.
Виталий Латурнус Freedom QJ league аясында да бас-аяғы 27 ойынға қатысса 11 мәрте гол соғып, 3 мәрте нәтижелі пас берген. Былтырғы бірінші лига маусымында Виталий 18 ойында тоғыз гол және бір нәтижелі пас орындады.
Талантты футболшы QJL ALL STAR 2025 деректі фильмінде өз болашағын неміс Бундеслигасымен байланыстыратына жайлы айтқан: