Усик салмақ дәрежелерінен тыс әлемдегі үздік бес боксшыны атады

Александр Усик
Аса ауыр салмақта WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша қазіргі әлем чемпионы, жеңіліп көрмеген украиналық Александр Усик DAZN Boxing ұйымының Х парақшасына жарияланған қысқа видеода салмақ дәрежесіне қарамастан өз пікіріндегі үздік 5 боксшының есімін атады.
Тізімге мыналар енді:
Теренс Кроуфорд
Сауль «Канело» Альварес
Шакур Стивенсон
Энтони Джошуа
Тайсон Фьюри
Усик соңғы жекпе-жегін 20 шілде күні Ұлыбританияның Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионында өткізді. Ол британдық Даниэль Дюбуаға қарсы рингке шығып, бесінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Бұл қос боксшының арасындағы реванштық кездесу болды. Жекпе-жекте аса ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы сарапқа салынды.
Украиналық чемпион әлі жеңіліп көрмеген. Қазіргі таңда Александр Усиктің кәсіби рекордында 24 жеңіс бар,15-і мерзімінен бұрын аяқталған.
Усик кәсіпқой мансабын 2013 жылдың қараша айында бастаған.