Василий Ломаченко қос түрлі титул үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін

Темирлан Мажекенов ··
Фото: Getty Image

Фото: Getty Image

Үш салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы украиналық Василий Ломаченко екінші жеңіл салмақтағы (59 келіге дейін) IBF және WBO белбеулерінің қазіргі иегері мексикалық Эмануэль Наварретемен (40-2-1, 33 KO) жұдырықтасуы мүмкін.

The Ring журналының шолушысы Майк Коппинджердің айтуынша, егер Ломаченко Наварретені жеңсе, келесі жекпе-жегін америкалық Джервонта Дэвиске қарсы өткізуді көздеп отыр.

Ломаченко соңғы рет 2024 жылдың мамыр айында Джордж Камбососқа қарсы рингке шыққан. Бұл кездесуде Василий 11-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, жеңіл салмақтағы IBF чемпиондық белбеуін иеленді. Оның еншісінде 18 жеңіс (12-сі нокаут) және үш жеңіліс бар.

Эмануэль Наваррете соңғы жекпе-жегін 2026 жылдың ақпан айында өткізіп, Эдуардо Нуньесті 11-раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Мексикалық боксшының рекорды — 40 жеңіс (33 нокаут), екі жеңіліс және бір тең нәтижеден тұрады.

Еске салайық, Василий Ломаченко 38 жаста. Екі дүркін Олимпиада чемпионы кәсіпқой рингтегі мансабын 2013 жылы бастаған. 2014 жылы жартылай жеңіл салмақта (57,2 келіге дейін), 2016 жылы екінші жеңіл салмақта (59 келіге дейін), 2018 жылы супер-жеңіл салмақта (61,2 келіге дейін) унификациялы чемпион атанды. Ал 2024 жылы жеңіл салмақтағы екі дүркін әлем чемпионы болды.