Вембаньяма НБА финалында Шакил О'Нилдің рекордын қайталады

Фото: Sky Sports
«Сан-Антонио Спёрс» клубының орталық ойыншысы Виктор Вембаньяма НБА финалдық сериясында сирек кездесетін статистикалық көрсеткішке қол жеткізді.
Франциялық баскетболшы соңғы 25 жылда финалдың алғашқы үш матчында кемінде 85 ұпай жинап, 10 блок-шот жасаған екінші ойыншы атанды.
Мұндай нәтижеге соңғы рет 2001 жылғы финалда аңызға айналған америкалық орталық ойыншы Шакил О'Нил жеткен болатын. Кейін ол НБА-ның төрт дүркін чемпионы атанып, лига тарихындағы ең үстем ойыншылардың бірі ретінде танылды.
Биылғы финалда Вембаньяма «Сан-Антонионың» негізгі көшбасшыларының бірі болып отыр. Серияның үшінші матчында ол 32 ұпай еншілеп, командасының «Нью-Йорк Никсті» жеңуіне және жалпы есептегі айырманы қысқартуына көмектесті.
Үш кездесуден кейін финалдық сериядағы есеп – 2:1, «Нью-Йорк Никс» командасының пайдасында.
Серияның төртінші матчы 11 маусым күні өтеді.