ВИДЕО. Ресейлік хоккейші ҰХЛ матчында керемет гол соқты

Фото: Getty Images
«Вегас Голден Найтс» клубының ресейлік шабуылшысы Иван Барбашев Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) «Юта Маммотқа» қарсы кездесуде әдемі голымен көзге түсті.
Матчтың 29-минутында Барбашев мұз айдынының орта тұсында шайбаны иеленіп, бірнеше қарсыласын алдап өтті. Кейін құлап бара жатып дәл соққы жасап, шайбаны қақпаға бағыттады.
Сонымен қатар ресейлік хоккейші кездесуде дубль авторы атанды. Ол екінші кезеңде қақпа алдындағы шайбаны торға тоғытты.
Нәтижесінде «Вегас Голден Найтс» өз алаңында «Юта Маммотты» 5:3 есебімен жеңді.
Алаң иелері сапында Джек Айкел, Виктор Улофссон және Бретт Хауден де гол соқты. Ал қонақтар құрамында Лоусон Крауз, Джек Макбэйн және Дмитрий Симашев мергендігімен көзге түсті.
Қазіргі уақытта «Вегас» Тынық мұхиты дивизионында екінші орында тұр. Ал «Юта Маммот» Орталық дивизионда бесінші сатыға жайғасқан.
