Виктор Вембаньяма НБА-да жаңа рекорд тіркеді

Фото: Ezra Shaw/Getty Images
22 жастағы француз жұлдызы, «Сан-Антонио Спёрс» клубының орталық ойыншысы Виктор Вембаньяма НБА-ның 2025/2026 жылғы маусым финалындағы алғашқы матчында жаңа рекорд орнатты. «Нью-Йорк Никске» қарсы өткен кездесуде «Сан-Антонио» 95:105 есебімен жеңіліп, серияда алғашқы 0:1 есебі тіркелді.
ESPN Insights мәліметінше, Вембаньяма НБА финалындағы матчта өз командасында бір мезетте ең көп ұпай мен ең көп ребаунд көрсеткіші бойынша көш бастаған ең жас ойыншы атанды. Бұған дейін бұл рекорд «Сан-Антонионың» аңыз ойыншысы Тим Данканға тиесілі болған. Ол бұл жетістікке 1999 жылғы финалда дәл осы «Нью-Йорк Никске» қарсы матчтарда қол жеткізген еді.
Бүгінгі ойында француз орталық ойыншысы 26 ұпай жинап, 12 рет допты қайтарып алды.