Владимир Чебурин «Атыраудан» кетті

Аружан Талғат··
Фото: fc_atyrau

Фото: fc_atyrau

Владимир Чебурин «Атырау» клубының бас бапкері қызметінен кетті.

Қазақстандық маман клубпен келісімшартты тараптардың өзара келісімі негізінде бұзып, қызметін аяқтады. Чебурин «Атырауды» 2026 жылдың 6 наурызында тізгіндеген болатын, алайда ынтымақтастық бес айдан кейін тоқтады.

Оның жетекшілігімен команда Қазақстан Премьер-лигасының осы маусымында 19 матч өткізіп, 19 ұпай жинады және қазіргі таңда турнирлік кестеде 13-орында тұр.

Бұған дейін БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, «Атыраудың» жаңа бас бапкері ретінде Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов тағайындалуы мүмкін. Алайда клуб бұл ақпаратты ресми түрде әлі жариялаған жоқ.

Владимир Чебурин «Атыраудан» кетті – sport-hub