Басты бет
·
MMA/UFC

Волкановски – Евлоев: UFC титулдық жекпе-жегінің күні белгілі болды

Aibar Rysdaulet··
Фото:  FightTime

Фото: FightTime

Жартылай жеңіл салмақтағы чемпион Александр Волкановски мен рейтингтің бірінші нөмірі Мовсар Евлоев арасындағы титулдық жекпе-жек 24 қазанға жоспарланды.

Айқас Абу-Дабиде өтетін UFC 333 турнирі аясында ұйымдастырылады. Жылдың ең көп күтілген кездесулерінің бірі дәл осы күн мен локацияға белгіленген. Алайда кештің басты жекпе-жегі мәртебесі әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Жеңіліс көрмеген Мовсар Евлоев титулдық мүмкіндікке сенімді жеңістер сериясымен келіп отыр. Наурыз айында Лондонда өткен турнирде ол UFC-дегі оныншы жеңісіне қол жеткізіп, британдық Лерон Мерфиді төрешілердің басым шешімімен жеңді.

Александр Волкановски үшін бұл кездесу чемпиондық белдігін кезекті рет қорғау болмақ. Аустралиялық файтер дивизиондағы ең үстем спортшылардың бірі саналады және қауіпті қарсыласқа қарсы айқаста өз мәртебесін дәлелдеуге ниетті.