Вондроушова төрт жылдық дисквалификациядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Уимблдон-2023 чемпионы, әлемнің бұрынғы алтыншы ракеткасы Маркета Вондроушова төрт жылға теннистен шеттетілгеннен кейін алғаш рет көпшілік алдында пікір білдірді.

Чехиялық теннисші соңғы айлардың кәсіби мансабы мен жеке өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірі болғанын айтты.

Вондроушованың сөзінше, белгісіздік пен күйзеліс оның күнделікті өміріне әсер еткен. Ол әр күнін болашағы туралы оймен бастағанын және мұндай ауыр сынақты ешқашан елестетпегенін жеткізді.

Сондай-ақ теннисші спорттың оның өміріндегі орны ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, бала кезінен бері арманына жету жолында көптеген жарақаттар мен қиындықтарды еңсеруге тура келген.

Айта кетейік, Маркета Вондроушова 2023 жылы Уимблдон турнирінің жеңімпазы атанып, әлемдік рейтингте алтыншы орынға дейін көтерілген болатын.