Басты бет
·
АО-2026

Вячеслав Земс Азия ойындарында сегізінші орын алды

Каирбек Тулегенов ··
Фото: Никита Басов

Фото: Никита Басов

Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында жеңіл атлетикадан жарыстар жалғасуда.

Ерлер арасында 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Қазақстан атынан Вячеслав Земс финалда өнер көрсетті. Ол қашықтықты 51,17 секундта жүгіріп өтіп, сегізінші орынға ие болды.

Жарыста Қатар спортшысы Басем Хемейда 47,82 секунд нәтижесімен жеңіске жетті. Екінші орынды жапониялық Гото Тайю (47,93), ал қола жүлдені Қытай Тайбэйінің өкілі Лин Чун Вэй (48,74) иеленді.